Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтауы

0
54

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары айқындалды – адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану. Яғни, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау. Мемлекеттік қызметшілер жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты жол бермеуiне, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс. Мемлекеттік қызметші халық пен мемлекет арасындағы көпір іспеттес. Кез келген мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

 

 

Д.Махатов,
ҚР Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігінің Түркістан

облысы бойынша департаменті

Leave a reply