Мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 35,0 млн теңге қаралған

0
57

Түркістан қаласында халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізіледі. Атап айтар болсақ, еңбек қатынастарын үйлестіру; аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау; мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау; Азаматтық хал-актілерін тіркеу; Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес 22 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіліп, қызмет мерзімінде орындалуда. Атап айтқанда:

Азаматтық хал актілерін көрсету секторында – 9;

Жұмыспен қамту және жекелеген санатта ғы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында – 8;

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару –1;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында –3;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 1 қызмет.

2022 жылдың 10 айында  жалпы  19225 мемлекеттік қызмет көрсетілген (тікелей бөлім арқылы-1476, ХҚКО арқылы-10062, электронды үкіметтің порталы арқылы 7678 қызмет ).

Оның ішінде:  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша-11 737 қызмет; Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша – 3917  қызмет; жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша-3502 қызмет;Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында –294 қызметЕңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 3692 қызмет.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша

2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысымен  3 917 отбасына (21 601 адам) 1 240 968 мың теңгеге АӘК тағайындалып, төлем жасалынған.2022 жылдың 1 тоқсанына 2 371 отбасына (13 074 адам) 392 520,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 147,1 теңге;2022 жылдың 2 тоқсанына 3 201 отбасына (17 584 адам) 332 156,0 мың теңге  тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 922,0 теңге;2022 жылдың 3 тоқсанына 2 505 отбасына (13 965 адам) 420 188,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 28 470,4 теңге;Әр тоқсан сайын кедейшілік шегі көтерілуіне байланысты өтініш берушілер саны артып отырған.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша:

2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысымен 3 987 балаға                      204 339,0 мың теңгеге КӘТ тағайындалып, төлем жасалынған.

2022 жылдың 1 тоқсанына 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 930,0 мың теңге тағайындалған.

2022 жылдың 2 тоқсанына 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) 100 549,0 мың теңге тағайындалған.

2022 жылдың 3 тоқсанына 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798)   85 346,3 мың теңге тағайындалған.

Демеушілер есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек бойынша:

2022 жылдың басынан бері 10  айдың қорытындысымен 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген.

Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 237 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857отбасыға, оның ішінде:

-Отырар м/а-195 адам;                                    -Бекзат м/а-150 адам;

-Шавгар м/а-130 адам;                                    -Сауран м/а-189 адам;

-Яссы м/а-106 адам;                                        -Бірлік м/а-87 адам.

Демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілген.

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу сатылары:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін егов порталы

арқылы немесе халықтық кеңсеге барып ЭЦП ключпен өтініш береді. (өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің счет номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет).

2)Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі-орталық) түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

3)Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.

4)Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

5)Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

6)Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

Мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны – 9523 адам.Оның ішінде оңалтудың 5433 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 67,6 пайызды құрайды. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 5538 құралға өтініш білдіріп, 3744 қамтамасыз етілген.

Оның ішінде Протез-ортопедиялық құралдарға 775 адам өтініші білдіріп, 436 қамтамасыз етілген (56,2℅),Сурдо-техникалық құралдарға 202 адам өтініші білдіріп, 123 қамтамасыз етілген (60,8℅),Тифло-техникалық құралдарға 417 адам өтініші білдіріп, 291 қамтамасыз етілген (69,7℅),Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 323 адам өтініші білдіріп, 286 қамтамасыз етілген (88,5℅),Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1502 адам өтініші білдіріп, 586 қамтамасыз етілген (39℅),Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 309 адам өтініші білдіріп, 304 қамтамасыз етілген (98,4℅),Ымдау тілі маманының қызметіне 89 адам өтініші білдіріп, 80 қамтамасыз етілген (89,9℅), Міндетті гигиеналық құралдарға 1921 адам өтініші білдіріп, 1638 қамтамасыз етілген (85,2℅)

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту туралы

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік көмек көрсету  бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны – 27 ( 1-меңгеруші,1-кеңесші, 27 әлеуметтік қызметкерлер).

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  37  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 108 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 150 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер 300, қамтамасыз етілгені 300.

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не  әлеуметтік қызмет алуға  65 мүмкіндігі шектеулі  бала  кешенді қызметтермен қамтылды.

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге   арнаулы  әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

Азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстары бойынша

Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері, 2019 жылдың   25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасымен жұмыс  жүргізеді.

Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің  атын  өзгертутуралы  хал  актілерін  тіркейді.

Атап айтқанда, 2022  жылдың  10  айында  – туу туралы – 6531оның ішінде  өлі  туылғандар – 92; неке қию туралы -1597, оның  ішінде  шетел азаматтары -18; қайтыс болу туралы –793, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 57; неке бұзу туралы – 54 оның ішінде сот шешімі бойынша – 20;  тегін, атын, әкесінің  атын –28  тіркелді.

Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде – түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істердің  саны – 316, жою туралы  істер – 12,  тууды мерзімі өтіп тіркеу істері –1,  ТАӘ  өзгерту  туралы  істері  – 28. Сонымен  қатар, анықтамалардың саны –1113,  қайталама  куәліктердің  саны –1434. 2022 жылдың  10  айында  ҚР–ның  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады.

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша

Мемлекет басшысының 2021 жылғы № 622 Жарлығына сәйкес 01.01.2022 жылдан ҚР ІІМ-нен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбеші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап қызмет көрсетудеміз Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында 10 айында барлығы 3343 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 Пробация жұмыстары:

Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген.

Түркістан қаласы әкімдігінің 02 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Қазіргі таңда 13  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама беріліп, жоспар  81,2  пайызға орындалған.

Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 15 сәуір 2022 жылы Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

14.06.2022 жылы Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша кездесу ұйымдастырылып, 60 сотталғандар қатыстырылды.

16 мамыр 2022 жылы есепте тұрған тұлғалармен теологтармен кездесу ұйымдастырылды.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі     А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8 сынып балалры ағымдағы оқу жылында  киім-кешекпен қамтылған.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 21.03.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс шара өткізілді.

20.04.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 26.06.2022 жылы өткізілетін цирк іс-шарасына сотталғандардың балаларына 50 билет берілді.

Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдеде кіші футболдан жарыс өткізілді.

Аға ұрпақ өкілдері туралы және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Түркістан қаласында 14523 зейнеткер тұрады. Оның ішінде;

  • Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері -3
  • соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 382;
  • тыл еңбеккерлері-384;

Көп балалы аналар-13291. Оның ішінде:

  • алтын алқа-621;
  • күміс алқа-2324;
  • батыр аналар-75;
  • 1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар-106;
  • 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны-10165

Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында  жолдамамен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда:

2022 жылға облыстық бюджеттензейнеткерге 500 жолдама бөлініп,(«Ардагерлер» үйіне 260, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылдың «Мейір» ардагерлер үйіне -192, «Ардагерлер»  үйіне -208 жолдамамен қамтамасыз етілді.

– 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.15 ақпан Ауған әскерлерінің шығарылуына 141 ауған соғыс ардагерлеріне 35 АЕК – 15115,9 мың теңге;8 наурыз халықаралық әйелдер күніне 3089 көп балалы аналарға 2 АЕК -18923,2мың теңге;7 мамыр отан қорғаушылар күніне 381 ҰОСА теңестірілгендерге 25 АЕК -30289,5мың теңге;9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 4 ҰОС ардагеріне  1000,0 мың теңге -4000,0мың теңге;419 тыл ардагерлеріне 30,0 мың теңге -12570,0 мың теңге;17 қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне 30,0 мың теңге, жалғызлікті 32 қартқа     1 АЕК -510,0мың теңге;Иммун тапшылығымен ауыратын 8 балаға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі -3479,6 мың теңге; Туберкулез ауруымен ауыратын 52 адамға 5 АЕК -5623,8 мың теңге;

Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы 13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан  қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Оның құрамында:         

 «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 240  адамға қызмет көрсетілуде,  немесе    66,6 % құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт  бойынша 1390   қызмет  көрсетіліп келеді.

Өзін-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік –демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу   олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.

Белсенді ұзақ өмір орталығында  дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөльме, сенсорлық бөльме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет,  акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән тағы басқа үйірмелер қызмет етуде. Қазан айында өткізілген іс – шаралар. 1- қазан Қарттар күні  мерекесіне орай мекеменің ғимаратының ашылу  салтанаты болды. 25 – қазан Қазақстан Республика күніне «Жайнай бер, жасай бер Қазақстаным!» атты іс – шара өтілді. Мерекелік іс-шараларда зейнеткерлеріміз белсене қатысып ән айтып, би билеп, тілектерін білдірді және қатысқан зейнеткерлерге сыйлықтар таратылды.

Қаржыландыру мәселесі: «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 166,3 млн теңге қаралған.   Осы  бөлінген қаржының 139,5  млн  теңгесі  игерілген.

«TEN QOGAM»  бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 150 адамға қызмет көрсетіліп келеді, немесе    50% құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша  517  қызмет  көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару  және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады.

Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта:  қызмет көрсетіліп,  9 іс-шара өткізіліп,  жұмысқа орналасқан 10  адам, Бизнес тренг бойынша 37 курс оқып, оның нәтежесінде 11  адам грандты  ұтып алды. Қаржыландыру мәселесі: Мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 35,0 млн теңге қаралған. Осы бөлінген қаржының 29,2  млн теңгесі  игерілген.

Leave a reply