ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА БИДАЙ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

0
30

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Бөржар ауылдық округінде болып, бірқатар шаруашылықтарда болды. Алдымен аудан әкімі “Сабыр” шаруа қожалығының бидай алқабын көрді. Талғат Жанысбаевтың жетекшілігіндегі қожалық мал азығы дақылдарын өсірумен айналысады. Бүгінде кәсіп иесінің 20 дана техникасы бар болса, оның екеуі Джондир комбайны. 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы, ауданы бойынша биылғы жылы 71,6 га жер игеру жоспарланып, қазіргі таңда 71,6 га жер игерілген. Оның ішінде бидай дәнді дақылын 256 шаруа қожалық — 27 149 га жерге орналастырған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 3611 га артқан. Биыл ауа райының қолайлы болуына байланысты сондай-ақ, жауын шашынның көп түсуіне қарай шаруалар мол өнім алуды көздеп отыр. ​​​Аудан әкімі Қайнар елді мекеніндегі Ділшат Рахымжановтың балық шаруашылығымен де танысты. 2018 жылы жүзеге асырылған жобаның инвестициялық құны 150 млн тг.құрайды. 10 тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазір онда жартылай интенсив тәсілімен кларий сом және карп балықтары өсірілуде.

Leave a reply