«Отбасы- бақыт мекені » атты тақырыбында өнегелі сағат өткізілді

0
56
Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы- бақыт мекені » атты тақырыбында өнегелі сағат өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, өскелең ұрпақты жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға баулу. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы Қаржан ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күніне орай Қаржан жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен 11 сынып оқырмандары арасында «Отбасы — тәрбие бастауы» атты тақырыптық кеші өткізілді.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесі тәрбиесінде ата- ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу- тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып мектеп пен ата — ана арасындағы байланысты арттыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипаты болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар,  Қазығұрт ауданы Қыдыр Мәмбетұлы ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күніне орай «Отбасы-аялы алақан мекені» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Отбасыдағы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан — жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата — анасын, жора — жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы Тесіктөбе ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күніне орай «Отбасы- шағын мемлекет» атты тақырыбында өнегелі сағат өткізілді. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан — жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата — анасын, жора — жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық кітапханасында «Отбасы тәрбие көзі» атты тақырыптық кеш болып өтті. Мақсаты: Отбасындағы қарым қатынас туралы түсінік беру. Жастарға Отан отбасынан басталатынын түсіндіріу.Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күніне орай “Отбасы тәрбие ұясы” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата — ана тәрбиесі, өнегесі және ата — ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. Қазығұрт ауданы Көкібел ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күніне орай Майбұлақ ауылындағы үлгілі отбасының ата-әжесі, отандасқандарына 60 жыл болған Базарбай ата мен Нағима әжеміздің қатысуымен «Отбасы — тәрбие көзі» атты кездесу кеші өтті.Мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтарын түсіндіру, отбасындағы үлкен буын ата-әжелердің тәрбиесінің орны туралы ақпарат беру. Базарбай атамыз-тыл ардагері. Кездесуді батамен бастап, өзінің еңбек жолын айтып өтті. Нағима әжеміз-алтын құрсақты ана. Кездесу барысында берекелі отбасыны қалай құру керектігін, отбасында болатын қиындықтар мен қызықтарды айтып, оқушыларға өз кеңесімен бөлісті. Кездесуге Қазығұрт ауданы маслихатының депутаты Жәдігеров Кенжехан және Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ахметов Ильяс мырзалар қатысып, атамыз бен әжемізге өз тілектерін білдірді.
Қазығұрт ауданы Алтынтөбе 1 ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы — бақыт мекені» атты тәрбиелік сағат болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, қарым-қатынасқа, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық кітапханасында Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Мықты ұлт отбасында қалыптасады,» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: жастарға отбасының тәлім тәрбиесі жайлы ұғындыру. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Одан бөлек, Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күніне орай «Отбасының берекесі-имандылықтан басталады» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, имандылық пен татулыққа және үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Кеште Қақпақ ауылдық әжелер алқасының төрайымы Ұлбосын Сәрсенбаева, әжелер алқасының мүшелері, тәрбиешілер, мекеме және мәдениет үйінің қызметкерлері қонақта болды. Қазығұрт ауданы Сынтас ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күні мерекесіне орай Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға баулу нағыз отбасылық дүние екенін дәлелдеп жүрген отбасылардың бірі Сейдалиевтар отбасының қатысуымен «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты тақырыбында өнегелі сағат өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, өскелең ұрпақты жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Кеш барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Сейдалиев Сералы атамыздың ұлдары мен келіндері кітапты көп оқитын баланың да оқуға деген қызуғышылығы тез оянатынын, кітаптың пайдалы жақтарын айтып өтті. Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күні мерекесіне орай, «Отбасым-бақыт мекенім» атты тақырыбында, күміс алқа иегері Динара Бөрікбаевамен сұхбат кеші өткізілді. Мақсаты: оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру . Қазығұрт ауданы Үшбұлақ ауылдық кітапханасында ҚР Отбасы күні мерекесіне орай «Кітап оқитын отбасы — ғасыр үлгісі» тақырыбында отбасы оқулары өткізілді. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі. Мерекеге орай өткізілген іс-шараның мақсаты жас ұрпақты отбасымен бірге кітап оқып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Ата-ана баланың кітап оқуына ықпал жасай отырып, әдеби кітап оқуға деген ынтасын жетілдіру. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу – нағыз «отбасылық дүние» екеніне кітапхананың белсенді оқитын Мақұлбаевтар отбасы дәлел. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Бектұрсын атамыз бен Мәриям апамыз ата — анасы кітапты көп оқитын баланың да оқуға деген қызығушылығы тез оянатынын айтып өтті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсi Отбасы күні болып белгіленді.
Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы — ата — анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы — таным бесігі, отбасы — үлгі — өнеге бастауы. Ата — ананың үйдегі қарым — қатынасы, киім киісі, мінез — құлқы бәрі — бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан — мейір алады». «Әке — асқар тау болса, ана — бауырындағы бұлақ, ал бала — жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала — отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ҚР Отбасы күніне орай Сарыбаевтар отбасының қатысуымен «Отбасы — бақыт мекені» атты кездесу кеші болып өтті.
Мақсаты: Отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу. Кешке физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры, «Архимед» зияткерлік бастауыш мектебінің құрылтайшысы Сарыбаев Мырзабек мырза жұбайы Нағима Жамбылқызы қонаққа келіп, оқушыларға отбасының құндылықтары, ата-ананың отбасындағы орны жайлы айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына тұшымды жауап берді. Кеш барысында Мәдениет сарайының әншісі Н.Байтұрсынов аналарға әсем әнін арнады. Кеш соңында ОКЖ директорының орынбасары Р.Айтубай кешті қорытындылап, қонақтарға сый-сияпаттар ұсынды.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді. 2013 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі аталып жүр. Мерейлі мереке қарсаңында түрлі отбасылық сайыстар мен іс-шаралар, көңілді кездесулерді ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді. Осы тұста аудандық мәслихат депутаттары мен аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен «Раян» оңалту орталығының ерекше балаларға ұйымдастырған іс-шарасы жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шара барысында ерекше балалар көңілді ән айтып, бибиледі. Сондай-ақ көрмелер, арқан тарту, садақ ату, ләңгі тебу сайыстары, сурет салу және қол өнер бұйымдарын жасау секілді баланың ой-санасын дамытатын өнердің түрлері ұйымдастырылды. Атаулы мерекелік кездесудің жоғары дәрежеде өтуіне және балаларды тәрбиелеу, санасын дамыту мен өсіру жолында еңбек етіп жүрген «Раян» оңалту орталығының бірнеше қызметкерлеріне аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары мен балаларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда жанұяларымызды құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата — анаңның алдында адамның парыз — міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анаға сенің отбасыңның жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау — өз болашағыңда сақтау деген сөз. Отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі де осында жатыр. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген отбасыда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.

Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады

Асыл дінімізде Аллаға бойұсынуға шақыра отырып, ата-анаға қарайласуды міндеттейді. Ата — анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың, сен ата — анаңды сыйлайсың, сенің балаларың да сен қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата — ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата — ананың қадірі ерекше әспеттелген. Жас жұбайлар отбасылық сынақтардың кейбіріне төтеп бере алмай, бала болашағынан бұрын  жеке бас тыныштығын бірінші кезекке қойып жатады. Осыдан келіп тастанды бала мен әкесі тірі жетімдер қатары артады. Негізі бала үшін әкенің орны бөлек. Әке деген сөзді айтқанда өзіне пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманына қол созғанда ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамның болғанын бала жүрегі аңсайды. Әке — әркімнің сүйенер тіреуі.

Ол өзінің болашағы балалары үшін алаңдап ойланып, жауапкершілік жүгін арқалайтын тұлға. Алла елшісі с.ғ.с ер адамды өз отбасының жауапкері ретінде, әрі сол үшін сұралатындығын ескерткен. Халқымызда әкені асқар тауға теңеп, темірқазығы мықты тұлғаны елестеткен. Ендеше, әрбір әке отбасына қорған болар тау тұлғалы кемеңгер болып ұрпағына пана болуды мақсат еткенде отбасы жарасым табады. Сонымен қатар, әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол — анамыз. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын тілейді. Әсіресе, қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған, бар тілегін перзентінің жолына байлаған әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы. Ата — ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Біз үшін олардың орны бөлек екені ақиқат. Сөзімізді қорыта келе ғасырдан ғасырға, жылдан жылға дәстүр болып жалғасын тауып келе жатқан отбасы құндылықтарының мәнін кетірмей, керісінше өркендеп, алға басуына септігімізді тигізейік. Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, оларға кір келтірмей жүру — барша халықтың басты парызы.

Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас. Жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық! Отбасы күні белгіленген мерейлі күні өткізумен шектелмейді. Отбасыңмен аман-есен қауышып, олармен өткізген әрбір бақытты кезді «Отбасы күні» деп алуға болады. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп, өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, басқа адамдармен қарым-қатынасын, мәдениетін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан отбасындағы татулық, сыйластық, тәрбие бала жадында сақталады. Ата-ананың тәрбиесін «Қоғамдық тәрбиенің ең тиімді» деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдату, аға ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқаруы, бір-бірін құрметтеп, сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдықтың бүгінде құлдырауына байланысты қоғамда бірқатар керітартпа әрекеттің пайда бола бастағанын байқауға болады. Оның бірі – қазіргі тұрмыс құрған жастардың ажырасуға деген бейімділігі. Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде «Жастарды жаңа әлеуметтік рөлдерге және отбасылық өмірдің шынайылығына дайындау қажет. Мұны орта мектептердің жоғары сыныптарынан бастау керек. Ана институтын қолдаумен бірге әке институтын дамыту, жасөспірімдердің өз отбасына жауапкершілік сезімін қалыптастыру маңызды. Отбасылық қатынастардың барлық аспектілері бойынша қолжетімді психологиялық және консультациялық көмекті қамтамасыз ету қажет. Отбасылардың ажырасуы біздің ерекше алаңдаушылығымызды тудыруда. Ғалымдар, қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары бұл мәселеге елеулі назар аударуы тиіс», — деп атап өткен еді.

Источник: https://mangystaumedia.kz/kk/audan-tynysy/munaily/103288

Leave a reply