РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

0
56

Бүгін елімізде “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына өзгерістер енгізу үшін референдум басталды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да ұйымдастырылған №133 референдум учаскесінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевте өз таңдауын жасады.

Аталған сайлау учаскесінде 2,5 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Қатысушылар “Қазақ­стан Республикасы заңының жобасында баяндалған Қазақстан Респуб­лика­сының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауалға өз жауаптарын белгілеп арнайы жәшікке салды.

“Бұл аумаққа тіркелген сайлаушылардың белсенділігі өте жақсы. Учаске таңғы 7.00-ден бастап ашылды. Ең алғаш келіп, дауыс берген азаматтарға сый-сыяпат жасалды. Мұнда 2459 сайлаушы тіркелген. Оның көпшілігі – университет студенттері мен ұстаздары және қала тұрғындары. Учаскеде барлық әдістемелік құрал-жабдықтар орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалып, арнайы кабиналар қарастырылған”, – деді Референдум учаскесінің төрағасы Бегахмет Абусейтов.

Сонымен қатар, №133 сайлау учаскесінде Түркістанда гастролдік сапармен жүрген «Астана Опера» театрының әртістері де болып, референдумға қатысты. Бұдан бөлек, облыстық әкімдік қызметкерлері, басқарма басшылары, университет қызметкерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Leave a reply