«САЙРАМ АРУЫ — 2024» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

0
115
 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай, «Сайрам аруы — 2024» қыз сыны байқауы өтті. Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Қ.Жандарбеков атындағы Сайрам аудандық мәдениет үйінде 10 жылдан кейін қайта жаңғырған «Сайрам аруы — 2024» қыз сынына қатысу үшін өтінім берген 21 қыздың арасынан топ жарып шыққан 10 қыз ақтық сайысқа түсті. Ақылына көркі сай арулар дода барысында 5 кезең бойынша бақ сынасты.
✅ Арулар байқауына ауданымыздың белсенді және абыройы биік аналарымыз — Сайрам аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Фарида Оспанова, Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжі директорының орынбасары Салтанат Малайсариева, № 1 Сайрам балалар саз мектебінің директоры Алина Бердимуратова, «Сайрам аруы — 2012» байқауының жеңімпазы Оразкүл Аманбаева және республикалық өнер байқауларының лауреаты, «Ибрагимовтар» ХАЛЫҚТЫҚ ансамблінің көркемдік жетекшісі Дана Ибрагимова қазылық етті.
🎗️ Қазылар алқасының шешімімен назік арулар төмендегідей жүлделі орындарға қол жеткізді.
Бас жүлде – Әсемай Ахмеджанова (Ақсукент а/о)
1 орын – Шаттық Серимбетова (Жібек жолы а/о),
2 орын — Айша Сейткарим (Ақсукент а/о),
2 орын — Лобар Шукруллаева (Қайнарбұлақ а/о),
3 орын – Гузаль Эшметова ( А.Исмаилов колледжі),
3 орын – Ұлағат Ибатбек ( Қарасу а/о)
«Шебер ару» номинациясын– Ирисматова Севара ( Ақсукент а/о), гуманитарлы – техникалық колледжі
«Ерке сылқым» номинациясын — Зияда Эргашбекова (Қайнарбұлақ а/о), «Бұраң бел ару» номинациясын – Шахизада Мүталіп
«Көркемсөз шебері» номинациясын — Айдана Сарсенбай
( А.Исмаилов колледжі) иемденді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған