САЛАДАҒЫ СЕРПІЛІС

0
46
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы — ел экономикасының тірегі. Ауданымызда да осы 2 саланың жұмысында ілгерілеушілік бар. Былтыр біздің аудан аймақта топ жарды. Мерейіміз өсіп, шаруалар өз ісіне шабытпен қайта кірісті. Осы жетістіктердің мәнісін білу үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Серікбаевқа барып, төмендегідей мәлімет алдық.
Ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы 124,2 млрд. теңгенің жалпы өнімі өндірілді (өсімдік шаруашылығы 54,1 млрд. теңге, мал шаруашылығы 69,8 млрд. теңге) 2021 жылмен салыстырғанда 14,2 млрд. теңгенің өнімі артығымен өндірілген. Нақты көлем индексі 102,6%. Ауданның облыстағы үлесі – 11,9%.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 7,9 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 820,8 млн. теңгеге жетті.
Ауданда 2022 жылы төмендегі ірі жобалар іске асырылды. Оның ішінде: ЖК «Урунбеков»- диірмен жұмысын, ЖК «Урунбеков» – май сығу цехын ашты.ЖК «Бегметова» – 400 ірі қара малды бордақылау алаңын, ЖК «Теңлібай Нұрлан» — 150 ірі қара малды бордақылау алаңын, «Zaure Group» ЖШС — өндірістік жылыжайын ашты. «Юг-Фуд» ЖШС – сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорнын, «Айкан» ЖШС-нің құрғақ сүт пен құрғақ сүт сарысуын шығаратын зауытын іске қосты.
Былтыр 52,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өнімі жиналды. Оның ішінде: 16,3 мың гектар күздік бидай, 5,8 мың гектар арпа, 295 гектар жүгері, 6,6 мың гектар майлы дақылдар, 3,9 мың гектар картоп, 6,2 мың көкөніс және 13,5 мың гектар мал азықтық дақылдар мен басқа да егіндер егіліп, олардан жиналған өнім 34,8 мың тонна астық, 172,05 мың тонна көкөніс, 101,7 мың тонна картоп, 5499,17 тонна майлы дақылдар жиналды.
Аудандағы жылыжай көлемі 59,3 гектарға жетті, оның ішінде өндірістік жылыжай – 32,2 гектар. Жылыжайлардан түскен өнім көлемі: қызанақ 2913 тонна, қияр 3400 тонна, болгар бұрышы 15 тонна, баялды 10 тонна, лимон 3 тоннаны құрады.
Аудандағы қарқынды бау 532,5 гектарға жетті. Оның ішінде, Ақбұлақ ауылдық округінде ЖК «Қуатбеков» 19 гектар жерге қарқынды бау және жүзім екті. Тамшылатып суғару технологиясының тиімділігі ағын су шығынын 2-3 есе үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
Былтыр бір алқаптан 2 өнім алу жобасы аясында 203 шаруа қожалығы жалпы көлемі 306 гектар жерге өнім егіп, жалпы 14422 тонна өнім алды. Жоспар 113 пайызға орындалды. Өнімдер Мәскеу, Қарағанды, Ақтау және Шымкент қалаларында сатылды.
Мал шаруашылығы саласында 2022 жылы ірі қара мал басы 210,4 мыңға жетті. Оның ішінде сиыр 70,6 мың болып, 117,7 пайызға артты, қой-ешкі 106,6 мың, жылқы 77,1 мың, құстар 161,3 мың. Олардан алынған өнім 42,5 мың тонна тірі салмақта ет, сиыр сүті 145,1 мың тонна 102,7 пайызға, жұмыртқа 16,8 млн. дананы құрады.
Ауданда 1038 мал бордақылау орны бар, Осы бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың мал басы бордақыланады.
Былтыр ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау бойынша облыста көш бастадық. Атап айтқанда: ЖК Абдиева, ЖК Алипбеков Нартай , «Қайып ата» ЖШС, «Нұрым Групп» ЖШС, «Сардор KZ» АШӨК, «Тұран Агро ет» АШӨК кәсіпорындары 15,7 мың тонна ірі қарамал етін және 7,6 мың тонна қой етін экспортқа шығарды.
Аудан аумағында жалпы 11 көкөніс, жемісті қайта өндейтін цехтар мен кәсіпорын бар. Олардың жалпы қуаттылығы 13900 тонна.
Өнімдерді қайта өңдейтін 18 кәсіпорын мен цех жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 116,0 мың тонна.
Етті қайта өңдеу саласында 3 кәсіпорын мен цех бар. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 6300 тонна.
Жеміс көкөніс сақтау қоймалары бойынша жалпы
сыйымдылығы 21200
тонналық 3 бірлік же-
міс көкөніс сақтау қоймасы бар.
Ауданда 1313 ауыл шаруашылық техникасы тіркелген. Былтыр 120 жаңа техника алу жоспарланса, 12 айда 122 техника алынып, жылдық жоспар 101,6% орындалды.
Аудандағы суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47-сі коммуналдық меншікте, 6 жекеменшікте. 2022 жылы Ақсу МКК меншігіндегі эксковаторлардың күшімен 132 шақырым канал механикалық тазаланды.
Сонымен қатар, об-лыстық бюджеттен 8 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 118,3 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасатуға толық құжаттары тиісті облыстық басқармаға жолданды.
Осынау жұмыстардың нәтижесінде «Ауыл ша-
руашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған» «АLTYN KÚZ -2022» салтанатты мерекесінде ауданымыз Агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындаудан 1-орынды иеленді. Сонымен қатар, ет өнімдерін экспорттаудан, сүт өндіруден және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан болды.
Сондай-ақ, озат агроқұрылымдар да марапатқа ие болды. Олар, ет өнімдерін экспорттаудан озат агроқұрылым «Тұран Агро Ет-Сүт» АШӨК және озат мал бордақылаушы «Кұрбантай ата» шаруа қожалығы.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған