СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДА ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0
48
Биыл Созақ ауданы, Таукент кент округінде халықтың сұранысына орай тиісті инфрақұрылым жұмыстары атқарылып жатыр.
Бүгінгі таңда І. Кеңесбаев көшесі мен «Орталық» саябақтың жарықшамдары қалпына келтірілді. Сондай-ақ Жыныс ата көшесі мен кент ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жарықтандыру жұмыстары толығымен жүргізілді.
Аудан басшысының кент округ тұрғындарымен кездесуінде басым көпшілігі көше жарықшамдарын орнатып, санитарлық тазалық жұмыстарына баса көңіл бөлуі жөнінде ұсыныстарын жолдаған.
Кент округте биыл қосымша Мыңжылқы, Мәңгілік ел, Болашақ, Тұран, Қаратау, Қ.Сәтбаев, Е.Ерімбетов, Бәйтерек көшелеріне жарықшамдар орнатылып, бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жандана түспек.
Сонымен қатар, демеушілер есебінен Геологтар, Бейбітшілік, Тәуелсіздік көшелері де қамтылып, Таукент кент округінде жалпы алғанда 11 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған