СОЗАҚ: ТАСТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

0
45
Созақ ауданы, Тасты ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне Манас Тілеулинов қайта сайланды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Тасты ауылында болып, округ әкімінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
-Тасты ауылдық округі ауданымызда ынтымығы жарасып, бірлігі артқан ірі округтедің бірі болып табылады. Сіздің ендігі міндетіңіз- халықпен тығыз байланыста болып, сенімін ақтау. Қол қусырып, қарап отыратын уақыт жоқ. Халықтың әл-әуқатын арттырып, ауылдың өмірін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды өз дәрежесінде атқаруды тапсырамын. Тұрғындар сенім білдірген соң, елдің игілігі үшін аянбай қызмет ету керек. Алдағы күндері халық артқан сенімге селкеу түсірмейтініңізге сенемін, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Аталған рәсімге қатысқан ауыл ақсақалдары ауылдық округ пен жалпы аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ақ баталарын арнады.
Өз кезегінде сөз алған Манас Бейсенбайұлы туған өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек ететінін жеткізді.

Leave a reply