СУ ҮНЕМДЕУ- ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕ

0
25

Су үнемдеу технологияларын енгізу барысы аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің қатысуымен өткен семинар-кеңесте кеңінен талқыланды. Семинар -кеңеске аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және аудандағы агробизнес өкілдері мен ауыл, кент округ әкімдері қатысты.
Ашық аспан астында өткен басқосуда аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы шаруалармен ашық түрде пікір алмасып, жаңа технологиялардың тиімділігіне тоқталып өтті.
Тамшылатып суару қондырғысын жетік меңгерген шаруалар өз ойларын ортаға салып, жаңа техналогия арқылы өнім көлемін арттыруда едәуір табысқа кенелгенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов су үнемдеу технологияларын енгізу мен жобаны қаржыландыру механизмін таныстырып, жаңбырлатып, тамшылатып суару қондырғысын тасымалдаушы BNK Group, Eurasia Group Kazakhstan, Aquabest компанияларының өкілдері өз жұмыстарын слайд негізде түсіндірді.
Сондай-ақ “Айбегім ЖШС”-гі көктемгі дала жұмыстарына төмендетілген бағамен бөлінген жанар-жағар май (дизель) отынына қатысты шаруалармен өзара келісім шартқа отырды.
Айта кетейік, өткен жылы ауданда 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 30 ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Сондай-ақ 14 390 га егістік жер игеріліп, 5,2 га жерге тамшылатып, 164 га жерге жаңбырлатып суару әдісі енгізілді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған