ТАЛАСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР САЙРАМ АУДАНЫНДА

0
45

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылына Жамбыл облысы Талас ауданынан келген жұмысшы топты Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Убайдуллаев бастап қарсы алды. Тәжірибе алмасу мақсатында келген топты Талас ауданы әкімінің орынбасары Медет Абдімашұлы бастап келді. Іс-сапармен Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Сүйенішбайұлы, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Жандос Ратов, Берікқара ауылдық округінің әкімі Ербол Смайлов және Көктал ауылдық округінің әкімі Қайрат Бисебаев бірге келіп, өз аумағындағы жетістіктері мен өзекті мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ, Талас аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен ауыл әкімдері және бірқатар кәсіпкерлерін Сайрам ауданының түрлі саладағы жетістіктері қызықтырды.

Leave a reply