«Тіл – бабалар мұрасы» атты кітап көрмесін өтті

0
35

Қазығұрт ауданындағы М.Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – бабалар мұрасы» атты кітап көрмесі өткізілді. Сабақтың мақсаты Ана тілінің қадыр-қасиетін ұрпақ бойына дарыту. Ана тілі туралы өлең, тақпақ , нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлықтарын дамыту. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға, туған тілді құрметтеуге баулу болды.   Қазіргі  таңда еліміз  өз Тәуелсіздігіне  қол жеткізгеннен  кейін мемлекеттік  тіліміз – қазақ тілі  болып бекітілді, Қазақстан Республикасы «Тіл туралы Заңы»  күшіне  енді.  Болашағымызды  баянды етер басты  қаруымыз —  тіліміз. «Адамға  екі  нәрсе  тірек тегі, бірі – тіл, бірі  діннің жүректегі,»- деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің  ең  негізгі  рәмізі  деп , ұраныда,  тіршілігі  де сол елдің  ана тіл  болмақ. Тіл кез-келген халықтың бай  мұрасын әлемге  паш ететін  табиғи  құбылыс. Бұдан бөлек,  арнайы ұйымдастырылған шарада мектеп формасы мен мектепішілік тәртіпті сақтау, оқушылардың мектепке ұялы телефондарын алып келмеуі, кәмелетке толмаған жастар ісі бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу, мектепте оқушылардың орамал тағып келуі және Ата-аналар комитетінің сайлануы жөнінде мәселелел қаралды.

 

«Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауыда сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін,оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз»- деп педагог К.Д.Ушинский айтқандай тіліміз еліміздің тірегі мен жүрегі. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл —  халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда  «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған.XX ғасырдың басында  ғұлама-ғалым  Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»  деп еді. Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, әйтсе де біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғаған емеспіз.Еліміз тәуелсіздік жолының жиырма бесінші жылына қадам басқан тарихи шақта, басқа елдермен иығын тең тіресер кезеңде мені тіліміздің қазіргі жайы толғандырады. Әсіресе, жастар, өкінішке орай, ана тіліне менсінбей қарауға әуес. Бүгін біздің ортада неге ана тілін білмейтіндер көбейді ? Көшеде жүрген екі қазақтың бірі орыс тілінде сөйлейді, дүкенде де, қоғамдық орындарда жүрсек те көретініміз — сол. Жасы да, кәрісі де тілін бұрап орыс тілінде сөйлеп жатқаны. Өз ана тілінде ойын жеткізуге не себептен үйренуге тырыспайтыны мен үшін түсініксіз. Осылай тізе берсең қазақ тілінің бүгінгі жайы, ақын тілімен айтқанда, « мың өліп, мың тірілген»  қазақ ұлтының дәл өзі сияқты», деді кітапханашы А.Доғабаева

Кездесуде мектеп директоры келген ата-аналарға сөз кезегін беріп, ата-аналардың пікірін, өтініш пен ұсыныстарын білдірді.
Жиналыстың мақсаты: Ата-аналардың жауапкершілігін, өз міндетін білуін арттыру. Әр ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсету. Бала тәрбиесін ата-аналармен бірлесе қарастыру. Жиналыс барысында ситуациялық сұрақтар қойылып, топта талқыланды. Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.

Leave a reply