ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

0
59
Осыдан 6 жыл бұрын 5-қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» болып бекітілді. Бұл қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа тұс келді. Айтулы ақынымыз: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы, еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» — деген екен.
Әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Ел тағдырын шешкен дана билер, шешендер тіл құдіретін танытып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан ғасырға жоғалтпай жеткізіп, халықтың асыл қазынасына айналдырды.
Мерейлі мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл — Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс- шара болып өтті. Айтулы мерекелік бағдарламаға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы барып, құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыруда, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік концертке жиналған көпшілік мәдениет үйінің артистері мен әншілері тарапынан қойылған керемет сахналық көріністерді, ән шашуды тыңдап, мың бұралған бишілердің әсем билерін тамашалады.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.

Тіл – ұлтымыздың тарихы мен тәлім-тәрбиесінің негізі. Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті мемлекет болу – біздің міндетіміз. Сол үшін болашақ ұрпағымыздың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс.

Тіл әрбір ұлттың ұлт, елдің ел болып қалыптастырушы және жасаушы факторы. Ешқашан ұмытылмайтын ерең ерліктің айғағы, ертеңгі күнімізді айқындаушы, яғни кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңгіміз. Адамның ерекше қасиеті ең бірінші Отанына, халқына және тіліне деген өшпес махаббаты.

Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті, рухани және тарихи құндылығы. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы,ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық.

Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, осы бағыттағы болашақтың берік іргетасы бүгін қалануы қажет. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасаумен қатар, мемлекеттік тілде іс жүргізуді де жүйелі қалыптастыру керек. Сонда ғана ана тіліміз өсіп-өркендеп, үлкен мәртебеге ие болады, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі теңеледі

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз еліміздің негізгі рәміздерінің бірі болып саналады. Әрбір тәуелсіз, тұғырлы елдің туы, елтаңбасы, әнұраны, шекарасы болатыны сияқты мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіліміз егеменді ел екеніміздің бір белгісі. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты көрсетілген. «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде.

Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп санайтын әрбір азаматтың тілі. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі әрқашанда биік болсын.

Leave a reply