ТҮРКІСТАНДА “ДЕНСАУЛЫҚ” САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

0
43

Түркістан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары үшін Түркістан қалалық орталық ауруханасы жанынан “Денсаулық” саябағының ашылу салтанаты болып өтті. Саябақтың ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Бекарыс Шойбеков, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Құлбаймбетов, қалалық аналар алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева және қала ардагерлері мен ақсақалдары қатысты.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпшілікті мерекемен құттықтады.”Балаларға қамқорлық айтулы жыл аясымен шектелмейді. Қаладағы жасалған тірлік пен өзгерістер — келешек ұрпақ үшін”, — деді.

Жалпы нысанның сметалық құны 313 584,6 мың теңгені құрайды. Саялы демалыс орнының 6240 м2 жерi – көгалды аумақ және 540 дана ағаш егілген. Ал 3150 м2 жерiне аяқ жол төселіп, 100 дана бастырма орналастырылған. Сонымен қатар, балалар үшін ойын алаңшалары мен стритворкаудтар жасақталған.

Одан белек, саябақ iшiнде әсемдік үшін ана мен бала мүсiнi қойылған. 136 дана кіші сәулеттік формалар және 2335 м2 көлемде автотұрақпен қамтамасыз етiлген.
Жиын барысында Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне ие болды.

Leave a reply