ТҮРКІСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

0
78


Естеріңізде болса өткен жылы індет өршіген тұста дәрі-дәрмектің бағасы шарықтай түскен болатын. Осындай олқылықтың алдын алу бойынша Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың өкімімен шаһар аумағында дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысшы топ құрылды. Топ құрамында қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімі, «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Атамекен»ҰКП, ҚР ДСМ медициналық және формацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, жастар ресурстық орталығы мамандары, қалалық мәслихат депутаты Рая Ибадуллаева мен БАҚ өкілдері бар.
Бүгін жұмысшы топ қаламызда орналасқан дәрханаларды аралап, бағаларын саралады. Баға тұрақтылығына баса мән беріліп, әрбір дәріханадағы дәрі бағалары шектік бағамен салыстырылды. Нәтижесінде белгіленген бағадан асыра сатқандар анықталып, медициналық және формацевтикалық бақылау комитетінің мамандары осы бойынша жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Қазір Түркістан облысы жасыл аймақта. «Сақтансаң сақтаймын» демекші өңірімізде карантиндік талаптар күшейтіліп, сақтық шаралары қатаңдай түсті. Облыс орталығында осы күні 70 дәріхана бар. Жұмысшы топ апта сайын бағаға байланысты мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қолға алмақ.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған