ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ТУАБІТТІ ЖАҚ-БЕТ АҚАУЛАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ОТАЛАРЫ ЖАСАЛУДА

0
55
Туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні бар науқастарды емдеу – өте өзекті мәселе. Бұл – күрделі туабітті патологиялардың бірі.
Түркістан қалалық орталық ауруханасына Астана қаласының Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының жетекші маманы, Мәскеудегі Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология, ұлттық медициналық зерттеу орталығында үздіксіз бірнеше рет тәжірибесін шыңдаған білікті маман Қанағат Қожамжаров жұмысқа қабылданып, алдағы уақытта тұрақты түрде аталған проблемалармен айналысады.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында 2022 жыл басынан аталған жақ-бет хирургиясында жасалған күрделі қалпына келтіру және пластикалық ота түрлері – 30. Атап айтқанда, хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика және тағы басқа оталары жасалады.
Сонымен қатар аурухананың жаңадан ашылған консультативті-диагностикалық бөлімшесінде КМИС жолдама арқылы маман кеңесін және стационарлық көмекті алу үшін тіркелген емханадан жолдама рәсімдеу арқылы келуге болады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған