ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 28 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

0
22

Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Келес ауданында 2024 жылы жоспарланған жол құрылыстарына Республикалық бюджет қаржысы есебінен, жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрайтын 28 көшеге орта жол жөндеу жұмыстары басталады. Қазіргі таңда аудан бойынша орта жөндеуге 15 ішкі көшелердің тізімі анықталып құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда:
1. Біртілек ауылдық округі Шұқырсай елді мекені Достык, Адалдық, Тамаша көшелері
2. Біртілек ауылдық округі Көлтоған елді мекені Ғазиз, Бағбан, Ырысты көшелері
3. Ошақты ауылдық округі Жетітөбе елді мекені Т.Бердияров, Г.Мүсірепов көшелері
4. Еңбек елді мекені Қ.Сатпаев, А.Жангелдин көшелері
5. Қошқарата ауылдық округі Бесауыл елді мекені Достық көшесі.

Бүгінгі таңда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Біртілек ауылдық округі Біртілек елді мекенінде Иса Байзаков, Алия Молдагулова, Исабайұлы Тамабай ата көшелеріне асфальт жамылғысын төсеуге ағымдағы орта жол жөндеу жұмыстары жасалуда.

Айта кетерлігі орта жөндеуден өтетін 35 шақырымның 6,5 шақырымы Жамбыл ауылдық округіндегі Ащыкөл-Қалғансыр елді мекендерін жалғайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына өтсе қалған Біртілек елді мекеніндегі 13 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып отыр. Жеңімпаз анықталған жағдайда қалған көшелерге асфальт жабындысы төселіп орта жөндеу жұмыстары өз жалғасын табатын болады.
Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.

2023 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.

Leave a reply