Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің денесі табылды

0
41

10 қазан күні сағат 13:15-те үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір адамның мәйітін тапты. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қалған бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылған.
Еске салайық, 2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туылған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.
21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған