Түркістан музыкалық драма театры- эксперименттік театр

0
52

Түркістан туризмнің, облыстың ғана емес, үлкен мәдениеттік ошағына айналып келеді. Киелі қалада бой көтерген мәдениет нысандар аз емес. Солардың бірі Түркістан музыкалық драма театры.

4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынып, бір мезетте 510 адам қойылымды тамашалай алады. Қазіргі таңда, театрда «Бөрте», «Фариза», «Шаңырақ» спектакльдері қойылып, қала қонақтары мен тұрғындарын тәнті етуде.

2018 жылдың 18 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып қайта құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы таңдалды. Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. Бас жоспарған енген объектілердің арасындағы Түркістан музыкалық драма театрының құрылысын Ақтөбе облысы сый ретінде салып беретін болды. Мердігер ретінде BI Group компаниянсы таңдалды. Театр құрылысы 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталды.

Түркістан музыкалық драма театры 2021 жылдың 11 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде   ашылды. Театр аумағы 11000 шаршы метрді құрайды, көрермен залы 511 адамға арналған.

Түркістан музыкалық драма театры- эксперименттік театр болып саналады. Оның актерлары мен артистерінің басым көпшілігі  жоғары оқу орнын енді аяқтаған жастар. Олардың үш жылға дейін тәжірибе жинақтауына, шеберлік сабақтарына қатысуға, қосымша рольдер арқылы  сахнаға бейімделуіне мүмкіндіктер қарастырылған. Театр актерлары мен артистері Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлектері, Астана қаласындағы Шабыт өнер академиясы, Қазақ ұлттық хореография академиясы, А.Я.Ваганова атындағы Орыс балет академиясы  және А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, «Belcanto» Вена академиясын бітірген  өнерпаз жастардан құралған.

“Түркістан музыкалық драма театрының” алғашқы қойылымы 2021 жылдың 9 қазанында жұртшылыққа ұсынылды. Театр  шымылдығы драматург Дулат Исабековтың “Бөрте” пьесасына қойылған спектакльмен ашылды.

Ал жуырда Түркістан музыкалық драма театрының қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. 12-13 қараша күндері Түркістан музыкалық драма театры жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынды.

Екі күн қатарынан қойылған спектакль талғамы биік көрермен көңілінен шықты. Елімізге танымал Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Али Марат сынды театр әртістері жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елі үшін басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көрерменге жеткізе білді. Айта кетейік, премьераға арналған билеттердің бәрі сатылып кетті. Бұл – Түркістанның рухани және мәдени орталыққа айналып келе жатқанының белгісі. Түркістандағы игі өзгерістерге даңқты актер Тұңғышбай Жаманқұлов та тоқталып, жас театрдың еңбегін жоғары бағалады.

«Мағжан» спектаклі  идеясының  авторы және көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова,  қоюшы режиссері – Davide Livermore (Италия) режиссер – Chiara Ocella, сценограф – Eleonora Peronetti, координатор – Deidda Petra композиторы – Хамит Шанғалиев, балетмейстері – Мадина Муратпекова, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова.

Leave a reply