Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

0
54

Сайрамдағы тас жолда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Infonews.kz сайты Azattyq Ruhy басылымына сілтеме жасап.

Түркістан облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды. Жазатайым жағдай 28 тамызда түнде, Сайрам ауданындағы Ақсукент-Қарамұрт тас жолында болған. Киа көлігі ЗИЛ көлігімен соқтығысты, деп хабарлады «Жедел шақыру» бағдарламасы.

Жол апатынан Kia көлігінде болған 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Leave a reply