Түркістан облысында Өңірлік кеңестің төрағасы сайланды

0
51

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен кеңес төрағасы болып «Bokei» ЖШС-нің құрылтайшысы Әбішов Нұралы Әлмаханұлы сайланды.

Нұралы Әлмаханұлы 1967 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Электр байланыстары инженері» мамандығын бітірген.

Кәсіби еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, бірнеше мекемеде тәжірибеден өткен. Ал 1998 жылдан бері жеке кәсіппен айналысуды қолға алды. Одан кейін әр жылдары «Батсу» корпорациясының директоры, «Батсу-Строй» ЖШС, «Комби-Строй-1» ЖШС директоры лауазымдарында жұмыс істеген, «Бөрте Милка» ЖШС-нің негізгі қалаушысы. Бүгінгі таңда «Bokei» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі жетекшісі қызметін абыройлы атқарып келеді.

Нұралы Әбішов кәсіппен қатар соңғы 15 жылда қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысуда. Саладағы еңбегі үшін 2010 жылы «Құрмет» орденімен, 2018 жылы «Парасат» орденімен, бірнеше рет «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясымен, және түрлі жоғары деңгейдегі медальдармен, президенттің, облыс, қала басшыларының және өзге де ұйымдардың Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталған.
Мақтарал және Ордабасы аудандарының құрметті азаматы.
Түркістаня облысы мәслихатының төрт шақырылым депутаты.
Отбасылы, 4 баласы бар.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған