ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ОРДАБАСЫЛЫҚТАР БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА

0
35

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Арнайы белгіленген аумақтарда тазалау жұмыстарымен қатар, 3000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, Қарабастау ауылының азаматы Нұрзат Ортайдың демеушілігімен көшет егілген аумақ толық қоршауға алынды. Тұрғындар ауылды тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде атсалысып жатыр. Апталық барысында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартты.

Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Халық арасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Құжат биылғы 1 қыркүйекке дейін дайындалады. Бекітілген тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін әкімдіктер алдағы 5 жылға арналған тиісті өңірлік жоспар қабылдайды.

Leave a reply