Түркістан қаласы өңірде бірінші орынға шықты

0
47

Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына басқа да салалардың дамуына алып келеді. Қаланың экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі. Бұл орайда бөлшек сауда көрсеткіші 25 млрд 469 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 113,6 пайызды құраған. Тауарларды өткізу көлемі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 3,8 пайызды құрап, өзге қала мен аудандар арасында 1 орынды иеленді. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 114 млрд 069,2 млн теңгені құрап, 2021 (100187,9) жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 1,1 пайызға өсіп, 113,8 пайызды құрады.  Оның ішінде республикалық бюджеттен 34 млрд 194,2 млн теңгені, жергілікті бюджеттен 40 млрд 280,5 млн теңгені және өз қаржысы есебінен 28 млрд 450 млн теңге банктерден 8 млрд 299,1 млн теңге, басқа да қарыз қаражаты есебінен 2 млрд 845,4 млн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 110,0 пайызын құрады.  Түркістан қаласы әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің айтуынша ауыл шаруашылығы саласында 2млрд 666,8 млн теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 92,5 пайыз болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы жалпы өнімі 1 млрд 077,5 млн теңге болса, мал шаруашылығы өндірісінде 1млрд 513,9 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер тиісті бағдарламалардың тиімділігін, сондай-ақ кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

Leave a reply