«ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

0
38
Қазығұрт аудандық орталық мәдениет үйінде аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум болып өтті. Атаулы форумға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық соттың төрағасы Даулетияр Машрапов, аудан прокуроры Қанат Базарбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Мұрат Ермеков, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Бақыт Тұрғынбаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері, белсенді жастар, ауданымыздағы білім ордаларының мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Форумның басты мақсаты бүгінгі жастардың тәрбиесі, отбасыдағы және қоғамдағы орыны, жастардың қауіпсіздігі мен қылмыс жасауының алдын алу шараларын талқылау, қарастыру болды.Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Азизхан Исмаилов және басқа да атаулы мекеме басшылары мінбеге шығып, өзекті мәселеге қатысты пікірлерін айтып, жастардың жарқын болашағы үшін жағдай жасау, алдыңғы аға буын өкілдері ретінде жол көрсету керектігін айтты.
Азизхан Азимханұлы өз сөзінде: «Сіздердің дендеріңіз сау, заманға сай сауатты, қабілетті және ақылдарыңыздың кемел болуы біз үшін өте маңызды. Осы орайда ұйымдастырылып отырған бүгінгі іс-шараның маңызы зор деп есептеймін.
Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар қарқынды өсіп келе жатқан — өздеріңіз! Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі, Сіздерге тікелей байланысты. Алдарыңызда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңіздер. Жастарға жалқаулық, бейғамдық дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады» — деп форумға қатысушы жастарды жігерлендірді. Жоғары дәрежеде өткізілген форум аясында аудан жастары түрлі сахналық қойылымдар қойып, би билеп, әсем әндер шырқады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған