Халқымыздың қайталанбас өнері — айтыс

0
55

Түркістан облысының білім басқармасының  Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты  «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, басшысы Б.А.Шойбеков   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру мақсатында қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы-айтыс өнерін насихаттауда «Халқымыздың  қайталанбас өнері — айтыс» атты қалалық дебат — сайысы өтті.

Оқушылардың ой қозғауы мен сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту, сөз бен ой еркіндігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Б.П. Айтысты қайта жаңғыртудың тиімді тәсілін көрсетеді» атты қарар тақырыбындағы дебатқа қаламыздағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі, жетекшісі Қ.Жұмабаев  және Мұстафа Шоқай атындағы  №24 жалпы білім беретін мектебі С.Нұрбаевалардың жетекшілігімен құралған топтар арасындағы тартыс қызу өтті.

Іс-шараны облыстық білім басқармасы қосымша білім беруді дамыту орталығының  бөлім меңгерушісі Нығметова Клара Қанбетқызы ашып, бабадан мұра болған айтыс өнерінің бүгінгі ұрпаққа маңыздылығын, құндылығын атап өтті. Түркістан қаласының білім бөлімінің қосымша білім беру педагогтарының әдіскері   М.Искакова, балалар мен жасөспірімдер орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі Е.Саметов жалынды жастарға толағай табыстар мен сәттілік тіледі.

Пікірсайысты «ДЕБАТ» үйірмесінің педагогі А.Оспанова мен үйірменің белсенді мүшесі Д.Дүйсен жүргізіп, Түркістан пікірталас орталығының пікір-сайысшысы ХҚТУ-нің студенті Б.Файзулла  төрелік жасады. Дебатта білім алушылардың айтыс өнеріне деген көзқарасы талқыланды. Сөз қадірін білген қазақ халқының құндылықтары жайлы сөз қозғалды.

Оқушылар пікірсайыста жарысып, айтыстың дамуына байланысты түрлі аргументтерді зерттеді. Бұл ойын балаларға еліміздің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын жақсы түсінуге, еліміздің тарихындағы маңызды аспектілерді талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шара оқушылар үшін қызықты әрі тартымды болды. Балаларға өз идеялары мен пікірлерін, тіпті басқалардың пікірлерінен өзгеше болса да, еркін өз ойларын білдіре алатындығы ерекше ұнады. Бұл қарым-қатынас пен аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Ойында сөз жарыстыра отырып, қарсыласқа ұтымды жауап қайтару, өз идеяңды қорғап шығу – үлкен шеберлік. Тарихқа көз жүгіртсек, дебат арқылы талай мәселелер талқыланып, шешімін тапқан. Бүгінде де бұл  өнер  өзектілігін  жоғалтқан  жоқ.

Пікірталасшылар тартысты өнер көрсетіп  Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің  оқушылары  Махкамова Сабрина мен Баймаханбетов Заңғар І дәрежелі дипломмен марапатталып  жеңіске жетті.

«Төрт тоқсан –төрт өнер»  ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында шешендік өнердің баға жетпес мұрасы — айтыс өнерін дәріптеуде түрлі шаралар өтіп жалғасын табуда.

 

Г.Оразгелдиева,

Балалар мен жасөспірімдер орталығының

 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі

 орынбасары. 

Leave a reply