Шымкентте театрлар маусымының жабылуы өтеді

0
41
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты театрларда маусым жабар мерекелік қойылымдары өтеді. Атап айтқанда, Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 87-театр маусымының жабылуында Шәмші Қалдаяқовтың өмірін өрнектеген И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасы қойылады. Ал Шымкент қалалық орыс драма театрының 91-ші маусымның жабылуына Альваро Портестің «Дом, где всё кувырком» комедиялық қойылымын 11,12,13 маусым күндері көрермен назарына ұсынды.
Сондай-ақ Шымкент қалалық өзбек драма театры XVIII маусымның жабылуында 25 маусым күні Ш.Исаханованың «Тановор» арт фольклор қойылымын сахналайды. Ал, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры XIII маусым жабылуына арналған Н.Саймонның «Әумесерлер» комедиясын тарту етсе, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 5 ,6 шілде күндері театрдың 38 -маусымының жабылуына Н.Гогель «Женитьба» қойылымын әзірлемек.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық опера және балет театры XIII маусым жабылуын 30 маусым күні «Театр жауһарлары» атты Гала-концертпен аяқтайды.
Айта кетейік қаладағы барлық театрлар маусымның жабылуынан кейін бір ай көлемінде кезекті демалыста болады.

Leave a reply