Шымкентте шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

0
46

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сенбі демалыс күндері шомылу маусымы кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара шомылуға тыйым салынған «Қайнар бұлақ көлі», Азат каналы бойында және жазғы демалыс орындарында өткізілді. Төтенше жағдайлар мамандары рейдтік аралау жұмыстары барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жаднамалар таратты.

Сондай-ақ Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері, жедел — құтқару жасағының құтқарушылары және «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара «Игілік» тұрғын алабында Бадам өзенінің бойында өткізілді. Тұрғындарға «шомылу маусымындағы» судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаднамалар таратылып, ережелер түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстары Әл-Фараби ауданда да жалғасты. Іс-шараға аудандық полиция, № 3 және 5 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Аудан аумағында орналасқан демалыс аумақтарында және шомылуға арналмаған орындарда, шомылу маусымы және өрт қауіпті кезеңіндегі қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Leave a reply