Қазақстанда соңғы жылы пәтерлердің бағасы қаншалықты өскені белгілі болды

0
76

Қазақстанда соңғы 1 жылда жаңа пәтерлердің бағасы 4,4%-ға өскен. Ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы керісінше 2,9%-ға төмендеген. Ал пәтерді жалға алу құны тамызда бірден 17%-ға өсіпті. Бұл туралы Infonews.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтауда 18%, Семей де 16%, Павлодарда 15,5%-ға қымбаттады.

Ал екінші нарықтағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары тұр.

2023 жылдың тамызында пәтер сату-сатып алу бойынша 38 810 келісімшарт жасалған. Бұл соңғы жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалыпты. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 – 18%) және Алматы (5 928 – 15,3%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 705 – 9,5%) көш бастап тұр.

Скриншот: Ұлттық статистика бюросынан

Скриншот: Ұлттық статистика бюросынан

Тамызда пәтерлер бойынша барлығы 28 669 келісім жасалған. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болып, саны 10 924-ке жетті. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,9%), Алматы (18,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,6%) тиесілі.

Leave a reply