Қазығұртта «Ел бірлігі- ынтымақта» атты футболдан аудандық жарыс өткізілді

0
54
Қазығұрт ауданында Жігерген ауыл округінің ұйымдастыруымен бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ел бірлігі- ынтымақта» атты спорттың футбол түрінен аудандық жарыс өткізілді. Спорттық сайыс жастар арасында бұқаралық спортты дамыту арқылы аудан көлемінде талай теңбіл доп додаларында өңіріміздің намысын қорғап жүрген спортшы жастар арасында достықты, ынтымақты арттыру, жас спортшыларға қолдау көрсету аясында ұйымдастырлған.
Аталмыш жарысқа 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы болған керемет жарыстың нәтижесі бойынша Жаңабазар ауылы округі 200 000 теңге, Алтынтөбе ауыл окіругі 150 000 теңге,  Қ.Абдалиев ауылы округі 100 000 теңге, Жігерген ауылы округі 50 000 теңге иеленді. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданның мәдениет және спорт бөлім басшысының арнайы алғыс хатымен спорт салсына үлес қосып жүрген Смайыл Ералхан, Байдулла Олжас, Өсер Азат, Көшербай Қайырбек, Тұрдалы Мейірманды марапаттады.
Одан бөлек, сайыста арнайы Үздік сұрмерген номинациясымен Ешентай Бағдат, Үздік жартылай қорғаушы Байдулла Олжас, Үздік қорғаушы Әмір Нұрсұлтан, Үздік қақпашы Мейірқұлов Шыңғыс, Үздік шабуылшы Нұрлыбек Әділ, Үздік ұйымдастырушы Иманқұлов Қайрат,  Алимкулов Сүндет, Нұрсұлтан Ырысхандар аталды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған