ҚАЗЫҒҰРТТА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

0
51
Аудан орталығында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным!» атты шара өтті. Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, білім, денсаулық, төтенше жағдай, өрт сөндіру, құқық қорғау саласында еңбек сіңірген, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.
— Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы! Біз кемел Конституцияны Тәуелсіздік арқылы қабылдадық. Халық – биліктің қайнар-көзі болса, Конституция – көптің киелі сөзі. Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысындай. Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркениетті істеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ұлы далада жаңа тұрпатты қуатты мемлекет құрып, ұлысты ұйыстырдық. Еліміздің іргесін бүтіндеп, шекарамызды бекемдедік. Экономикалық әлеуетіміз еселеп артып, шуақты Отанымыз береке мен бірліктің киелі мекеніне айналды. Осындай игі істерді елмен бірге еңсеріп келе жатқан ауданымыздың да әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жылдан-жылға жоғарылап келеді. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жол салу, табиғи газбен, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңарту, білім беру деңгейін көтеру, қауіпсіз орта қалыптастыру секілді мәселелер бойынша жұмыстар тынымсыз атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы да Конституциямызда белгіленген заңнамаларға сәйкес жүргізілуде, — деді аудан әкімі Азизхан Азимханұлы.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада ауданымыздың өнер ұжымдары мен әншілері концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндерді шырқады. Салтанатты шарада мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандар ант берді.

Одан бөлек, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында ҚР Конституциясының 28 жылдығына арналған «Ата Заңым- айбыным» атты салтанатты іс – шара болып өтті. Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары мен қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениеті дамыған елдердің қатарына жетелейді. Сол себепті басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту мақсатында аталып өтілген мерекені «Жұлдыздар» халықтық би ансамблі «Шаттық» биімен ашты. Сондай ақ аудан әкімдігі мен мәслихат ауданымыздың өсіп- өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ азаматтарды «Алғыс хатымен» марапаттады. Мәдениет сарайының әншілері өздерінің әуезді әндерімен көпшілікке мерекелік көңіл- күй сыйлады.

Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінде ҚР-ның Конституциясы күніне орай «Азат елдің ар-намысы -Ата Заң» атты мәдени іс-шара болып өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, әкімшілік қызметкерлері, әжелер алқасы қатысып Ата заңымыз жайлы өз ойларын бөлісті. Іс-шара барысында мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын ұсынды.

Конституция заңдарының ұғымын, қолданысы жөнінде Анарбай Кәусәр баяндама жасады. Отанын сүйетін, патриот жастарды тәрбиелеу мақсатында М. Өтемісұлы ауылдық клубында «Ата Заңым-айбыным» тақырып аясында іс- шара болып өтті. Іс-шарада «Қазақ жастары» әніне флешмоб биледі, Ағабек Жансезім «Көк тудың желбірегені» атты ән орындады. Міркәрім Дінмұхаммед «Төрт ана» өлеңін оқыды.

Еліміздің Ата заңы жөнінде бүгінгі ұрпаққа түсінікті тереңдету, Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Рабат ауылдық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне орай » Ата Заң- айбынымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Алтынтөбе 2 ауылдық кітапханасында 30 тамыз Конституция күніне орай «Ата заңым-айбыным» атты тақырыпта танымдық кеш өтті. Мақсаты: оқырмандарға Отанын құрметтеуге, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу.
Бұдан бөлек, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тұрбат ауылдық кітапханасы 30тамыз Конституция күніне орай «Ата Заңым айбымным» атты іс шара болып өтті.
Мақсат: Оқырмандарға Ата заңымыз туралы түсінік беру. Отанға деген сүйіспеншілік пен сезімдерін ояту. Қазақстан Республикасының патриоты болу. Сондай-ақ, Тұрбат ауылдық клубында «Ата Заңым – айбыным» атты мерекелік іс — шара өткізілді. Іс – шарада Тұрбат ауылы әкімі аппаратының бас маманы Санабаев Элдос және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Қадыров Нұрлан сөз сөйлеп, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады. Іс — шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
Одан бөлек,  Атбұлақ ауылдық клубында, Қызылқия ауылдық мəдениет үйінде Атбұлақ ауылдық кітапханасында 30 тамыз Конституция күніне орай «Ата заң-халқымыздың қазынасы»атты тақырыпта танымдық кеш өтті Мақсаты: оқырмандарға Отанын құрметтеуге, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу. Ата заңымызды құрметтеу туралы түсінік беру. Кез келген мемлекеттің қалыптасуында Конституция қайта бағамдалуы мүмкін емес айрықша маңызға ие. Нақ осы Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі көптеген елдердің конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылады. Адамдық құқықты сақтайтын Заң екенін, халқымызға және жастарымыздың бойына сіңіру және насихаттау мақсатында Қақпақ ауылдық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата заң-ардақ тұтар айбынымыз» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Мошқалов, ауылдық әжелер алқасының төрайымы Ұ.Сәрсенбаева мен «Әз әжелер» тобы, ауыл билері, мекеме басшылары мен қызметкерлері және ауыл тұрғындары мен жастары қатысып, мәдениет үйі өнерпаздарының концертін тамашалады.

Бұл күннің мемлекеттік мереке саналып келе жатқанына биыл 28 жыл толды. Осы жылдар ішінде Конституцияға алты рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. 2022 жылы еліміз Конституция күнін референдум арқылы жаңартылған Негізгі Заңмен атап өтті.Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанның Конституциясы 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы шыққан.Алайда бұл оның соңғы нұсқасы болмады: келесі екі жылда еліміздің Негізгі Заңына бірқатар баптар қосымша енгізілді. Содан Конституция 1995 жылдың 30 тамызында түпкілікті бекітіліп, бүкілхалықтық референдумның қорытындысы бойынша қабылданды. Конституцияның қорытынды нұсқасы президенттік басқару нысанын бекітіп, өзін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет деп жариялады, оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Алдағы 28 жылда Қазақстан Конституциясына алты рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. 2007 жылы мамырда парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің мемлекеттік құрылымының нысанына қатысты түзетулер енгізілді. Қазақстан президенттік-парламенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекетке айналды. 2017 жылдың наурыз айында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылып, оған сәйкес президенттің бірқатар өкілеттіктері биліктің басқа тармақтарына берілді. Екі жылдан кейін, 2019 жылдың наурыз айында Конституцияға Қазақстан астанасының атауын өзгерту бойынша өзгерістер енгізілді: Астана қаласы – Нұр-Сұлтан атауын алды.

2022 жылғы кең ауқымды конституциялық өзгерістер. 5 маусымда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Дауыс беруге құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берді. 8 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.

Негізгі өзгерістер:Қазақстан суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті бар президенттік басқару түріне өтті.Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп белгіленді.Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік саяси қызметтерде, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшылық лауазымдарын атқару құқығы жоқ деп танылды.Қазақстандықтар Конституциялық Сотқа өз бетінше жүгіне алатын болды.Өлім жазасына тыйым салынды.Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады деп белгіленді.Сенаттағы президенттік квота қысқарып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасы жойылды.Мажоритарлық жүйе сайлаушылардың өтініші бойынша депутатты кері қайтарып алуға мүмкіндік берілді.Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталды.Референдумға сайлаушылардың қатысуы 68,05 пайызды құрады. Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді.

Leave a reply