ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

0
52

Қазығұрт ауданында қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр станциясы салынады. Жобаның құны 23,8 млрд. теңге. Осы бағытта жер мәселесі толық шешіліп, инвестрлармен меморандум түзілген. Бұл туралы Түркістан өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмайлов мәлімдеді. Басқосу барысында аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында баяндап, ағымдағы жылға жұмыс жоспарымен бөлісті.

-Өткен жылы ауданымызда өнеркәсіп өнім көлемі 13,6 млрд теңгеге жетті. Биыл бұл нәтижені еселеу көзделуде. Былтыр аймақта 65 жоба жүзеге асты. Осы жылы 12 жоба қолға алынбақ. Соның бірі күн электр станциясы. Қазіргі таңда бұған байланысты жұмыстар басталып кетті.  Сонымен қатар құны 1,1 млрд.тг. құрайтын мал сою бекетін салу қарастырылуда. Жоба жүзеге асса 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мұнда жылына 10 мың бас ірі қара сойылады. Сондай-ақ, қыркүйекте «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорын тарапынан құны 700 млн.тг. болатын қуаттылығы 1,3 МВт су электр станциясы пайдалануға беріледі, — деді Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Әзімханұлы.

Аудан әкімінің айтуынша өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 20 адамға пәтер кілті тапсырылған. Биыл осал топтағы 40 отбасы қоныс тойын тойлайды. Ал, аудан бойынша 6979 адам жер кезегінде тұр. Осы мәселені шешу мақсатында, 80 гектар жерге инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 883 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. Жыл қорытындысымен жер кезегінде тұрған 592 отбасыға жер телімі беріледі.

 

Leave a reply