ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНЕН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

0
32
Түркістан облыстық әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың тапсырмасымен, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен, Қазығұрт аудандық кітапханасы, Қазығұрт ауылдық әкімдігінің ғимаратынан жылжымалы кітапхана пунктінің ашылу салтанаты өткізілді.
Шара билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Ашылу салтанатына Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Жылқыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ә.Өсербаев, ауыл әкімі Қ.Садықов және аудандық Жастар ресурстар орталығының директоры С.Қыпшақбаевтар қатысты.
Жылжымалы кітапхана пунктіне түрлі бағыттағы кітаптар, яғни саяси, тарихи, көркем әдебиет, экономикалық, психологиялық, мотивациялық т.б.. жалпы 2000 дана кітап және мерзімді басылымдар қойылған.

Leave a reply