«ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАНҰЯ» ОРТАЛЫҒЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ?

0
80

Қай кезеңде болмасын адамдарды өздері өмір сүріп жатқан қоғамның қалай дамып жатқаны және оны қалай өзгертуге болатындығы алаңдатады. Әр ұрпақ қоғамдық дамудың өзіндік нұсқасын алға тартты. Осы тұрғыда қоғам қаһарманы ретінде «әлеуметтік сала өкілі» көмекке келеді. Олар көмекке мұқтаж адамға демеу болып қана қоймай, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлес қосатын қозғаушы күш. Біздің ел зайырлы, әлеуметтік мемлекет ре­тіндегі оның қымбат қазынасы «адам» екені белгілі. Сондықтан соңғы жылдары елімізде әлеуметтік салаға ай­рықша көңіл бөлінгенін байқаймыз. Осы тұрғыда, мем­­лекет көмегіне мұқтаж әрбір жан­­ға қам­қорлық шаралары қа­рас­­тырылған.

Рухани шаһарда соңғы 5 жылда бірнеше әлеуметтік орталық пайдалануға берілген. Олардың қатарында, «Қамқорлық жанұя орталығы» бар. Аталған орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған көп балалы, толық емес, аз қамтылған, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларына қызмет көрсетеді. Жаңадан ашылған орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, барып қайтқан болатынбыз. Орталықтың негізгі мақсаты – көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың ынтасын арттырып, қаржылық жағдайын түзету екен.

Бүгінде орталық төрт арнайы бағыт бойынша жұмыс атқарады. Олар кеңсе, қадам, нәтиже және қолдау. Мысалы «Кеңсе» бағыты – əлеуметтік қызметтің бір терезе қағидасы арқылы жүзеге асуы, нақтырақ айтқанда, əлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек беру, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, жекелей сүйемелдеу жəне өзге ерекше-ліктеріне қарамастан өз кəсібін ашуда-ғы құжаттар бойынша кедергілерді жо-юға негізделген. Ал «Қадам» – өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы, аз қамтылған, ерекше бала тəрбиелеп отырған отбасыларға жəне мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кешенді кеңес беру және қызығушылығын анықтау арқылы тегін қысқа мерзімді курстарда оқытуға бағытталған. Осы екі бағыт бойынша еңсесін тіктеп, өз жолын қалыптастырып үлгерген орталық түлектерін одан әрі бақылап, хабардар болып отыруға «Нәтиже» бағыты қарастырылған. «Қолдау» атауы айтып тұрғандай, өмірлік ұстанымдарды бі-ріктіре отырып, қоғамдағы осал топ өкілдері мен қайрымдылыққа мұқтаж жандарға көмек көрсетуге негізделген. Орталық басшысы Жібек Әшірханова-ның айтуынша, аз уақыт болса да орта-лық қызметі межелі көрсеткішті жақсы орындап, бірнеше анаға жол көрсетіп үлгерген.

 

«ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӨБІСІ ТАҒДЫРЛАС»

«Біздің мекеме Түркістан қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламалар бөліміне» тікелей қарайды. Сондықтан орталық міндетті аналарға бейімделуді үйретіп қана қоймай, ары қарай табыс тауып, белгілі бір кәсіп иесі атануға жәрдемдесу болып табы-лады. Мәселен, осы уақытқа дейін 1270 ана орталыққа жүгінген, ал оның ішін-де 207-сі оқыту курстарын аяқтаса, 140 анаға белгілі кәсіптік бағдарды игерге-ні үшін арнайы сертификаттар табыс-талды. Жасыратыны жоқ, орталық ашылғанда бастапқы бір ай сұраныс аз болды. Бірақ қала ішінде біршама таны-лып, белгілі статус алғаннан соң сұра-ныс арта түсті. Бастапқыда аналар тек есіктен сығалап, бір шолып кетіп қала-тын еді. Ал қазір орталыққа кіріп, таны-сып, курстар жайлы ақпарат алып, қызығушылық танытатын болды. Қала ішінде дәл қазір аса қатты танымал бол-масақ та, болашақта орталықтан қанат-танған табысты аналардың көбейеті-ніне сенімдімін. Себебі біздің орталық-тың мақсаты әйелдердің қаржылық сау-атын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Әрине, орталықта арнайы психология-лық көмек көрсету бағыты да толық қамтылған. Алайда дәл қазіргі уақытта біз акцентті қаржылық сауаттылыққа қойып отырмыз. Оның себебін былай түсіндіріп көрейін. Түркістандық әйел-дердің көбісі тағдырлас. Мен оны орта-лыққа жүгінген әрбір екінші ананың мәселесімен танысып, негізін анықтау барысында аңғардым. Несін жасыра-мыз, бүгінде әлеуметтік мәселе тек мо-ральды бағытта емес, материалды тең-сіздік салдарынан туындауда. Біздің орталықтың ең ұтымды тұсы – қинал-ған әйелге моральды тұрғыда көмек бе-ріп, әрі қарай өмірден өз орнын тауып, толық қалыптасуы үшін кәсіп иесі атануға сеп бола алатыны» — дейді орталық басшысы.

Бүгінде орталық 11 бағыт бойынша оқыту курстарын өткізуде. Дәл қазіргі таңда 98 ана білім алып жатса, одан алдын 207 әйел жалпы оқу курстарынан толық өткен. Ал орталық басшысының айтуынша кәсіптік курстан өткен әйелдердің барлығы оқу біткен соң арнайы тест тапсырады екен.

 

«ОРТАЛЫҚ СТАНДАРТТЫ ЖҮЙЕГЕ БАҒЫНБАЙДЫ»

«Орталықтың «Қадам» білім беру жобасы аясында 137 адам табыс көзін тауып, нәтижеге шықты. Әрине оған жету, қол жеткізу оңай емес. Орталықта бекітілген 11 бағыт бойынша өз кәсібін ашып, табысқа шыққандар саны 98 адамды құрап отыр. Салыстырмалы түрде жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Онда тігін, шаштараз, қолөнер, балалар массажы, тәрбиеші, аспазшы деген мамандықтар қамтылған. Мәселен біздің курсты аяқтап, арнайы сертификат алған түлектер орталықпен арнайы келісімге отырып, серіктес болған қала ішіндегі беделді мейрамханаларда жұмыс істей алады. Осы тұста, айта кететіні, біздің орталық беретін сертификаттар төңірегінде біршама алыпқашпа сөздер бар. Мәселен «орталық сертификаты жарамсыз екен, пайдасы жоқ» деген секілді әлеуметтік желіде шу шықты. Біздің оқыту курстары Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасымен бекітілген. Сәйкесінше сертификат тағайындау тікелей солардың құзіретінде. Мәселен біздің курсты аяқтаған әйел міндетті түрде арнайы тесттен өтеді. Оны кәсіпкерлер палатасының арнайы өкілдері алады. Тестен өтпей, сертификат ала алмай қалған аналарды міндетті түрде қайтадан оқытамыз, себебін анықтап, көмекті қайта ұсынамыз. Ал енді олардың алатыны диплом емес сертификат. Яғни белгілі бір кәсіптік саланың арнайы теориялық немесе практикалық сабағынан өткенін растайтын құжат. Сондықтан біз табыстаған құжаттың көмегі оларға көмектеседі. Сондай-ақ орталық стандартты жүйеге бағынбайды. Себебі біз аналардың талап-тілегіне қарай жүйені бағыттап отырамыз. Яғни қатып қалған қағида жоқ. Мәселен орталық көмегіне жүгінетін аналардың көбісі бала тәрбиесімен үйінен шыға алмайтынын анықтап, баласымен бірге келетіндей жағдай жасадық. Одан бөлек, сол аналардың балаларына да арнайы оқу курстарын енгіздік. Мәселен ағылшын тілі, түрік тілі тегін курстары, одан бөлек, мейрамхана ісі бойынша арнайы сабақтар қойдық. Түптеп келгенде осының барлығы аналар сұранысының нәтижесінде іске асуда. Дәл сол секілді оқыту курстарында 3 айға создырдық. Себебі бір айлық курсты оқып, бітірген ана толық сол саланы игеріп кетуі қиындап, кедергі келтірді. Ақылдаса келе 3 айға созып, оқыту курсын бекіттік. Басқа орталықтардың қалай жұмыс істейтінін білмеймін, біздің орталық қазір сұраныс негізінде, стандарттық жүйеге бағынбай жұмыс істейді. Бұл меніңше өте тиімді жоспар» — дейді Жібек Әшірханова.

Орталықтағы «Қадам» білім беру жобасы аясында 8 үміткер мемлекеттік қайтарымсыз грант иегері атанып, қазіргі таңда, жоба бойынша білім алып шыққан 17 ананы жұмыспен қамтыған. «Атамекен» Түркістан кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік көрме байқауында орталық «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын иеленген. Осы бағытта орталықтың екі грант иегері үздіктердің қатарында болған. Жібек Әшірханованың айтуынша әлеуметтік саланы басқару оңай жұмыс емес. Алайда өзінің бұл бағытқа төтеннен келе салмағанын айтады.

 

«ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА

30 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖҮРМІН»

«Байқағаныңыздай, біз «қамқорлық жанұя» орталығымыз. Бастапқыда тек қамқорлық болды, кейіннен «жанұя» деген сөзді қостырдық. Ондағы мақсат, орталық тек анаға емес тұтас жанұяға көмек көрсете алса деймін. Қазір сол жоспарым жүзеге асты. Орталық тек әйелге ғана емес, оның балаларына да бағыт бере алады. Бұл онсызда қиналып жүрген ана үшін үлкен демеу. Себебі ондай қиындықтан өзім өткенмін. Сондықтан орталыққа жүгінген әйелдердің түпкі мәселесі неде екенін түсініп тұрамын. Негізі өзім осы Түркістанның қызымын. Атырауға келін атандым. Жолдасым дүниеден өткен соң, екі баламды көтеріп, қоғамның талабына қарай бейімделуге күш салдым. Әлеуметтік салаға кеше ғана келген адам емеспін, 30 жылдан бері қызмет етіп келемін. Бүгінде «әлеуметтік сала өкілі» деген арнайы статус бар. Ал мен келген жылы ондай құрмет жоқ болатын. Қоғамға, әлеуметке тегін қызмет етіп, пайдалы болуды көздедік. Бүгінде соның нәтижесін көріп отырмыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы салаға көңіл бөліп, ерекше статус бергені өте құптарлық іс. Себебі біздің негізгі қозғалысымыз, қоғамға пайдалы болуды көздегеннен бастап жемісін бере бастайды. Сондықтан Түркістандағы «Қамқорлық жанұя орталығы» әрі қарай нәтиже үшін жұмыс істеп, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және қиын жағдайларын еңсеруде ынтасын арттыру мен қаржылық жағдайын түзеуге себепші бола беретініне сенімдімін» — дейді «Қамқорлық жанұя» орталығының басшысы Жібек Әшірханова.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік осал топ өкілдерінің бақытты ғұмыр кешуіне түрлі жағдайлар жасалуда. Әлеуметтік, медициналық қолдау жұмыстары да тоқтаған емес. Жоғарыда айтылған қамқорлық орталығы көрсететін қызметтер де осының бір парасы десек болады. Сондықтан қай кезеңде болмасын, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін әлеуметтік қызметкерлер еңбегін ерекше атап өтуге болады. Олар үшін өзгенің проблемасы деген түсінік жоқ, қиналған адам көрсе қолұшын созып, қолынан келген көмегін көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлердің осы сала-да тұрақтап қалуы да осы қасиеттерін-де. Бұл жерде адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қо-ғамдағы мәртебесі маңызды емес. Тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелер болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық.

Ғалия БИСЕЙІТ.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған