Қандай мерзімде сіз киімді сатушыға қайтара аласыз?

0
45

Мұқият тексеруден кейін сатып алынған зат мөлшері мен талғамына сәйкес келмеу жағдайлары кездесіп тұрады. Бұл маңызды емес. Тұтынушының өнімді 14 күн ішінде қайтаруға заңды мүмкіндігі бар.

Бұл туралы Астана қ. тұрғыны білді, ол өлшемі келмеген бешпетті сатып алған еді. Тұтынушы тауарды бірден сатушыға алып барып беріп,ақшасын қайтаруды талап етті, алайда сатушы ақшаны қайтарудан бас тартты.

Мәселені реттеуге бағытталған өз әрекеттері сәтсіз болғандықтан, тұтынушы Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге мәжбүр болды.

Департамент тұтынушының материалдарымен танысып, өз кезегінде осы дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу үшін ресми хат жолдады.

Осылайша, Департаменттің көмегімен тұтынушы мәселесі шешілді,тауар ақшасы 294 мың тенге соммасында толықтай тұтынушыға қайтарылды.

Бұл жағдайда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына назар аударған жөн.

Сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.

Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес, сонымен бірге іш киім мен шұлық-ұйық бұйымдарын қоспағанда, сатушы(дайындаушы), егер оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары, сондай- ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат, егер ұзақ мерзім сақталмаса,ол пайдаланылмаған болса, тиісті сападағы тауарды күнтізбелік он төрт күн ішінде тауарды сатып алған күннен бастап шартта белгіленген айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Егер сіздің тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылған болса және сіз мәселені өз бетіңізше шеше алмасаңыз, сіздің Департаментке жүгінуге құқығыңыз бар.

Өтініш беру үшін eotinish.kz және etutynushy.kz платформаларын пайдаланыңыз. Сіз Департаментке қағаз өтінішпен де жүгіне аласыз. Департаменттің мекенжайы: Астана Қ., Петров к-сі, 5, НП-3, 7-кабинет. Сонымен қатар, Telegram bot-та Департамент мамандарынан кеңес алуға болады.

Leave a reply