Ұлтаралық татулық — елдегі тұрақтылықтың кепілі

0
79

Түркістан қалалық ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесі болғандықтан тек қазақ ұлтының ғана емес, өзге этнос өкілдерінің де салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында жұмыс жасап келеміз. Жуырда
Түрік ұлтының өкілдеріне ұсыныс жасадық. Сендер де рухани шаһарда тұрып жатқандықтан өздеріңнің салт-дәстүрлеріңді, дастархан байлығы тағам түрлерін, мәдениеттеріңізді көрсету мақсатында шара ұйымдастырыңыздар деп ұсыныс жасаған болатынбыз. Облыс орталығындағы фараб кітапханасында түрік ағайындардың халыққа ұсынған көрмесі мен салт-дәстүрді дәріптейтін салтанатты шара өтті. Түрік ұлтының кәрі-жасы бар барлығы дерлік ұлттық нақынша киініп мәдениетін келген меймандарға паш етті. Бұл келешегі ұлттардың жойылып кетпеуіне кепілдік болмақ. Ұлт дәстүрін дәріптеу мәселесі бұның барлығы. Өзбек ұлты жергілікті ұлт болғандықтан мұндай шаралар жиірек өтіп тұрады.
Ақсақалдар кеңесі өнім өндіретін зауыт фабрика емес. Ұлттар арасындағы ынтымағы мен бірлігінің татулығы. Сол ұлттар арасында дау-дамай болмай бір үйдің баласындай бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуін қамтамасыз ету. Бір күн қарның тоқ болса, бір күн аш болары ақиқат. Бірақ бірлік пен ынтымақты сатып ала алмайсың. Оны жоғалтсаң қайта орнына келуі қиын дүние. Біздің мақсат мүддеміз де қаламыздағы ұлтаралық татулықты дәріптеу.

Әбжаппар Сәдуақасов
Түркістан қалалық ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары

Leave a reply