Әнші Төреғали бостандыққа шықты

0
61

Заң бұзып, басы дауға қалған әнші Төреғали Төреәлі жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы Infonews сайты хабарлайды. 

Әншінің қазіргі жағдайы туралы адвокаты Эльнура Кішкенебаева мәлім етті.

“Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рахмет айтамын”, – деп жазды заңгер.

Айта кетейік, 4 шілде күні Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі ұзартылған еді.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға өнердегі әріптестері пікір білдірген еді.

Leave a reply