2010 жылы 180 адамды өлімнен құтқарған қазақстандық кім?

0
72

Халық танымаса да, ерлігімен көзге түскен қазақстандықтар жетерлік. Соның бірі — Қазбек Сепсуев. Бұл туралы Infonews.kz сайты Bugin.kz ақпараттық-танымдық порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

2010 жылы Қазақстан тарихындағы қаралы күндердің бірі болды. Жетісу облысында орналасқан Қызылағаш ауылында су қоймасы бұзылып, маңындағы ауылдарды су алды.

251 үйге зақым келіп, 146 отбасы баспанасынан айырылған. Ең сорақысы, 300-ге жуық адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, 45 адам мерт болды.

Ауылға құтқарушылар бірден бармағаны анық. Десе де, «Газ-53» жүк көлігін тізгіндеген 24 жастағы жігітті әкесі су басқан аймаққа жұмсаған. Іргетасы қызыл кірпіштен қаланған үйлердің өзін шайып кеткен тасқын суда көлікпен жүрудің өзі қорқынышты екені анық.

Бірақ Қазбек Сепсуев қорықпады. Су арасында қалған бір топ адамды қауіпсіз аймаққа апарды. Бір рет емес, 6 мәрте көлігіне адам толтырып, көмек қолын созуға барған. 180 адамды құтқарған Сепсуевке сол кездегі Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың өзі келіп алғыс білдірді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған