ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

0
46

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов Нұрсәт тұрғын алабындағы көп қабатты үйлер аумағын кезекті рет аралап, орналасқан қоқыс алаңшаларының жағдайына қатысты мердігер мекемеге ескерту жасады деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаратау ауданы басшысы тез арада аталған қоқыс контейнерлерін жаңартуды және мүмкіндікке қарай қоқыс алаңшасын қоршау, дезинфекциялау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін айтты.

Осыған орай ауланың тазалығы тұрғындар үшін қауіпсіз болмақ әрі денсаулыққа кері әсерін бермейді. Сонымен бірге, Абзал Шымкентбайұлы көп қабатты үйлер аумағындағы шағын кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттерді ретке келтіріп, атқарылған жұмыстарды аудандық кәсіпкерлік бөліміне баяндауды тапсырды.
Еске сала кетейік, Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов қала әкімі тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта да жоспарға сәйкес ауданның өзекті мәселелерін ретке келтіру жұмыстарын қадағалау мақсатында, барлық елдімекендерге аралау жұмыстарын жүргізетін болады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған