ШЫМКЕНТТЕ АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРУДА

0
48

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығымен қалада 65 аялдама орнатылады.  Оның бүгінде 43 данасы толығымен аяқталды. Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қалада  250 аялдама павильоны орнатылды.   Оның 170 данасы ескі аялдаманың  орнына, ал  80 данасы бос орындарға қойылуда.  Айта кету керек,  қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал  40%-ы  шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды.  Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала  аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Бұл ретте, Шымкентте «Ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда Солтүстік шағын ауданында пилоттық режимде орнатылған «Ақылды аялдама» салқындатқыш, бейнекамера және антивандалды экран орнатылып, халық игілігіне берілген. Мұндай тәжірбие өзге ірі қалаларда сәтті жүзеге асып келеді. Қоғамдық көліктерді күту сәтінде аялдамалар халыққа ыңғайлы болу үшін жан-жақты тиімділігі ойластырылған.

Аялдаманың толық аяқталуы үшін бірнеше құжаттары мен ішкі құрылысында орналасқан маршрутты көрсететін LED экран орнатылуы қажет. Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, «ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарда бар.

Айта кетейік, алдағы уақытта аялдама қосымша жабдықтармен қамтылмақ, яғни ішінде салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған