АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРЛЕСІП ТАЛҚЫЛАДЫ

0
49

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағындағы «Алтынтөбе» тұрғын алабының тұрғындарымен инфрақұрылым жүйелері және ауыл шаруашылығы жерлері мен шөп, жем мәселесі бойынша кездесу өткізді.

«Алтынтөбе» тұрғын алабындағы өзекті мәселелердің бірі ауыл шаруашылығы саласындағы жем және шөп жеткізу бойынша басқармамен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен бөлісті.

Сонымен қатар аудан әкімі Б.Парманов аудан аумағындағы «Жиделі» шағын аудандарының тұрғындарымен кездесіп, шағын аудандағы емхана мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Айта кетсек, Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданында қазіргі таңда ауыз су бойынша ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары атқарылуда.Электр жарығы бойынша бюджеттен қаржы қаралап, мердігер мекеме «А.Мерей и К» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Табиғи газ мәселесі бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, «Энерго Ресурс Шымкентгаз» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған