ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

0
39

Жаз айларында ауладағы қоқыс мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы орайда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің бастамасымен қоқыс алаңшаларын жуу апталығы басталған болатын.
Әл-Фараби ауданына қарасты Республика даңғылы, Жангелдин, 8-ші наурыз көшелерінде және Қарасу шағынауданында қоқыс алаңшаларын сұйық сабынмен жуу жұмыстары жалғасын тапты.
Санитарлық тазалау жұмыстары барысында қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ, аптап ыстықта зиянды жәндіктер мен шыбын-шіркейлердің жоламауы үшін хлор себілді.
Айта кетейік, ауданға қарасты контейнерлерге залалсыздандыру жұмыстары жалғасады.
Сондай-ақ Әл-фараби ауданы Отырар шағынауданында, Желтоқсан, Түркістан, Диваев, Иляев, Тәуке хан сынды даңғылдар мен көшелерде орналасқан көпқабатты үйлердің қоқыс алаңшалары хлор сумен жуылды.
Жалпы Әл-Фараби ауданында 192 қоқыс алаңшасы және 749 қоқыс контейнері бар. Бүгінде аудан аумағындағы ескі контейнерлерді санау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жаңа контейнерлер қойылатын болады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған