ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
43

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 615-і жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй ретінде тіркелген.
 
Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Отырар және Спорт шағын аудандарын аралап, «Қуатжылуорталық-3» мамандарымен бірлесе жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Бүгінде 143 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын.
 
Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау барысында Әл-Фараби әкімдігі мамандары тарапынан үй басқарушыларына қысымдау, сығымдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілуде. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдардың есік-терезелерін бүтіндеу, істен шыққан құбырларды ауыстыру бойынша үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстары да қатар жүргізілуде.
 
Алдағы уақытта Рашид Мамытұлы жылыту маусымына дайындық шараларын жалғастырып, көпқабатты тұрғын үйлерге барып, тұрғындармен арнайы тілдеспек. 
 
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы қаланың орталық аумағында орналасқан. Ал аумағының жалпы көлемі 14 мың гектар жерді құрайды. Халық саны 220 мыңға жуық.

Leave a reply