ШЫМКЕНТ: 36 ЕМХАНАДА 205 МОБИЛДІ БРИГАДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

0
65

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2673 адам вакцина салдырды: I компонент — 1012, II компонент — 1661. Егу науқаны басталғалы барлығы 345 167 адам вакциналанды. Оның ішінде 219 325 адам вакцинаның екі компонентін алды.

20 шілде күні КВИ-дің 412 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 322, белгілері жоқ – 90). 204 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынған.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2946 орын бар. Төсек-орын толымдығы — 66 пайыз.

Бастапқы медициналық көмек бойынша, 36 емханада 205 мобилді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан науқастар мен індет жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған 10 668 адамға медициналық қызмет көрсетуде. Биылғы ақпан айынан бастап қалада 45 стационарлық және 25 жылжымалы вакцина егу бекеттері ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, 20 шілде күні 784 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қаладағы медициналық ұйымдар мен дәріханалар қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық қамтылған. Ауруханалар мен емханалар 615 өкпе желдету аппараттарымен, 336 өттегі концентраторларымен, 8 оттегі станциясымен, сұйық оттегіге арналған 9 резервуармен жабдықталған. Жедел жәрдем қызметі былтырғы жылы 100 арнайы автокөлікпен толықтырылып,  күніне үш жарым мың шақыртулар бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Қала аумағында 40 мониторингтік топтар жасақталып, карантин режимінің сақталуын бақылауға алған. Кәсіпкерлік нысандары бойынша 934 бизнес субъектісі «Ashyq» жобасына қосылған.

Қалада эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған