ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 6 379 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

0
43

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясына қарсы 6 379 адам екпе алды. Яғни, вакцинаның бірінші компонентін 1 778 адам, ал екінші компонентін 4 601 адам салдырды. Жалпы, егу науқаны басталғалы бері Шымкент шаhарында 358 446 адам вакциналанды. Оның ішінде 251 852 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Өткен тәуліктегі статистикаға жүгінсек, үшінші мегаполисте 27 шілде күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 421 жағдайы (белгілері бар – 359, белгілері жоқ – 62) тіркелген. Олардың ішінде 285 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, ал 136 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 106 төсек орын бар. Яғни, төсек орын толымдығы 65 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, өткен тәулік ішінде 815 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кетейік, қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпты болып тұрған жоқ. Сол себепті мамандар қала тұрғындарына қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап жүруді айтып және тезірек екпе алуға шақырып отыр.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған