БИЫЛ 5 ЕЛДІ МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

0
39

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елді мекен жартылай қамтылған. Ал 8 елдімекен — Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле 276 орам елді мекендері газбен қамтуды қажет етеді.

Осыған байланысты бүгінде қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Яғни, 2021 жылдың соңына дейін АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Аталған нысан іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Оның нәтижесінде, Азат, Асар-2, Достык, Бадам-195 орам және Алтынтөбе елді мекендеріндегі 11 мыңнан астам тұрғынның табиғи газға қолы жетпек. Жалпы, жыл соңында қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсетшісін 93 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, шаhардағы шалғай жатқан шағын аудандардың инфрақұрылымы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басты назарында.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған