Воскресенье, 29 сентября

Сарыағашта «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында екі спорт кешені салынған

0
87

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында екі спорт кешенінің құрылысы басталды. Атап айтсақ, спорт кешендері Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде және Жылға ауылдық округі, Жылға елді мекенінде бой көтереді. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған спорт кешендерінің құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.Жоспарға сәйкес, аталған спорт кешендерінде бокс, күрес спорт түрлеріне арналған арнайы зал ашу көзделіп отыр.

Еліміздегі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Жаңа жоба шеңберінде жастар жұмылып жұмыс істеп, ауылдарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға ат салыса алады. Ауыл тұрғындарының материалдық әл-ауқатын көтеру үшін кәсіпкерлердің де үлесі зор болмақ.

Осындай мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:• ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
• әлеуметтік аймақтарға білімді мамандар жіберу;
• ауылдағы жас кәсіпкерлерді қолдау.

«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы 2020-2025 жылдары аймақтарды дамытуға бағытталған. Бағдарламада ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту және ауылдарды үлкейту үшін бірнеше бағыт қарастырылған.

«Ауыл — Ел бесігі» жобасының басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Leave a reply