ТҮРКІСТАНДА «STREET WORKOUT» СПОРТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

0
49
Түркістандағы «Жібек жолы» саябағында «Стрит воркаут» спорт түрінің шеберлері қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Түркістан қаласы әкімдігі «Спортты дамыту бөлімінің» ұйымдастыруымен өткен шарада Шымкент қаласының 11 спортшысы өз өнерлерін көрсетті. Әуесқой спорт түрінің бірі болып табылатын стрит воркаут қала жастары арасында гимнастикамен шұғылдануға қызығушылық тудырады. Яғни, воркаутта тек қана жаттығу ғана емес, шоу мен өзгеше трюктер орындалады.
Айта кетейік, облыс орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жібек жолы» саябағында 24 сәуір күні стритболдан жарыс өтеді. Сайысқа қатысуға ниетті азаматтар арнайы жасақталған https://sport.turkistanevent.kz сайты арқылы 22 сәуірге дейін тіркеліп, өтінім білдірді.
Шара кезінде карантин режимі талаптары қатаң ұсталатын болады. Арақашықтық сақтап, медициналық бетперде тағу сұралады. Қосымша сауалдарыңыз болса @sportturkestan парақшасына немесе @turkistan109 парақшасына хабарласа аласыздар.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған