«ТҮРКІСТАН – АБУ-ДАБИ» ӘУЕ БАҒЫТЫНДА ҰШАҚ БИЛЕТТЕРІ САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

0
356
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және Түркістан халықаралық әуежайының ұйымдастыруымен Біріккен Араб Әмірліктерінің «Wizz Air Abu Dhabi» авиакомпаниясы 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Түркістан – Абу-Даби» бағытында әуе рейстерін бастауды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері заманауи «AirBus 321» ұшақтарымен орындалатын болады. Жолақысы бір бағытта — 20 мың теңгеден басталмақ. Билетті «wizzair.com» ресми сайтынан, мобильді қосымша немесе авиабилеттерді онлайн сату сервистерінен алуға мүмкіндік бар. Жолаушылар рейсті ұшу уақытынан 3 сағат бұрын ешқандай комиссиясыз өзгерте алады. Аталған бағытта ұшу уақыты — 3 сағат.
Жаңа бағыт қос қала тұрғындары мен қонақтары үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтеді. Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы Стамбул және Эль-Кувейт және еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Қарағанды әуе бағыттарына қызмет көрсетіп келеді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған