Суббота, 28 сентября

АЭС – ЭНЕРГЕТИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІН ШЕШУДЕ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

0
13

АЭС салу туралы мәселе көтерілгелі бері оның құрылысы мен жұмысы халықтың әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен өмір сүру деңгейіне, әсіресе станциялар орналасатын аймақтарға қалай әсер етуі мүмкін деген сұрақтың төңірегінде түрлі пікірлер айтылып, пайдасын, мүмкіншіліктері саралануда.
Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дегенді алға тартып отыр, сарапшылар.
Ол не десек, алдымен энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту,жаңа жұмыс орындарының пайда болуы сияқты мүмкіншіліктерге қол жеткізеді екенбіз.
Жұмыс істеп тұрған атом электр станциясындағы бір жұмыс орны, орта есеппен инфрақұрылымда 10-ға дейін жаңа жұмыс орнын жасақтайтын болады. Оның ішінде құрылысшылар, сервистік қызметкерлер, ғалымдар, техникалық қызметшілер және т.б. дегендей.
Сондай-ақ, тағы бір мүмкіншіліктері, атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Нақтырағы, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады. Атом электр стансасының құрылысы жергілікті бюджетке түсетін салықты арттыруға серпін беріп, ұзақ уақыт бойы электр энергиясының тұрақты бағасын қалыптастыруға ықпал етеді.Ал сала мамандары атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді дегенді де айтуда.
АЭС жай құрылыс емес, алып құрылыс. Ол жан-жақты зерттеліп, озық тәжірибені пайдаланып, заманауи технологияларды қолданып салынатыны белгілі. Ендеше, елдің өркендеуіне, үздіксіз дамуына қажетті мүмкіндіктерді неге тиімді пайдаланбасқа.

Leave a reply