Шымкентте «Біздің Ту, Біздің Елтаңба, Біздің Әнұран» акциясы өтті

0
52
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Біздің Ту, Біздің Ел таңба, Біздің Әнұран» мерекелік жастар акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты — қала тұрғындары мен жастарына патриоттық шеру жасау, аялдамаларда, қоғамдық көліктерде, саябақта (демалыс орындарында) мемлекеттік рәміздерді, әнұранды қосылып шырқау арқылы патриоттық-рухани сезімді арттыру, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Шара барысында арнайы футболка киген жастар, қаланың адам көп шоғырланатын көшелерінде ҚР Әнұранын орындап, тұрғындарға мемлекеттік рәміздер туралы түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге арнайы футболка, жалаушалар мен шарлар таратты. Сондай-ақ аялдамалар мен автобустарға Елтаңба мен Ту пішінінде құттықтау қағаздары жабыстырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шеруге Jas Otan жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған